$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2026, 11:20
Әлем

Иранда 12 сағаттан бері интернет жұмыс істемей тұр

Риалдың құлдырауына байланысты көтеріліс әлі жалғасып жатыр

Иранда 12 сағаттан бері интернет жұмыс істемей тұр
Фото: mehrnews.com

Иран аумағында интернетке қосылу деңгейі соңғы 12 сағат ішінде ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы интернетті бақылаумен айналысатын халықаралық NetBlocks мониторинг қызметі хабарлады.

«Иран 12 сағаттан бері интернетсіз отыр. Қосылу көрсеткіші қалыпты деңгейдің шамамен 1 пайызына дейін төмендеді», - делінген қызметтің Telegram-арнасындағы хабарламада.

Иранның ресми билік өкілдері интернетті шектеу жоспарланғаны туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске салайық, 2025 жылғы 29 желтоқсанда Тегеранның орталығында иран риалының күрт құлдырауына байланысты саудагерлер наразылық акциясын бастаған. Наразылықтың негізгі ошағы Ислам Республикасы көшесі болды. Кәсіпкерлер әріптестерін дүкендерді жабуға және шеруге қосылуға шақырды. 30 желтоқсанда наразылыққа Тегеран университеттерінің студенттері де қосылды. Кейін толқулар елдің басым бөлігіне тарады.

Бастапқыда полиция көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолданса, кейін наразылық білдірушілерге қарсы оқ-дәрі пайдалануға көшкен.

Ирандық Telegram-арналардың хабарлауынша, наразылықтар кезінде ондаған адам қаза тапқан, сондай-ақ полиция қызметкерлері арасында да шығын бар.

 

 

Серіктес жаңалықтары