$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2026, 10:46
Әлем

АҚШ-та иммиграция қызметкері әйелді атып өлтірді (ВИДЕО)

Марқұм тәртіпті бұзған

АҚШ-та иммиграция қызметкері әйелді атып өлтірді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында Иммиграция және кеден қызметінің (ICE) қызметкерлері автокөлігімен жолдарын бөгемек болған әйелді атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі әйелдің қаза тапқанын растады. Ведомствоның мәліметінше, ICE қызметкерлері «нысаналы операция» жүргізіп жатқан кезде тәртіпсіздікке қатысушылар олардың жұмысына кедергі келтірген. Солардың бірі көлігін «қару ретінде қолданып», қызметкерлерді қағып кетуге әрекет жасаған.

Осыған жауап ретінде ICE офицері қорғану мақсатында оқ атқан.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм бұл оқиғаны «ішкі терроризм актісі» деп атады. Оның айтуынша, құқық қорғау операциясы кезінде қызметкерлер ауа райының қолайсыздығына байланысты қарға батып қалған көлікті итеріп шығармақ болған. Сол сәтте әйел оларға және айналасындағыларға көлігімен шабуыл жасауға тырысқан.

Серіктес жаңалықтары