Бүгін, 13:46
Жаңалықтар
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Фото: Видеодан скрин
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, қыз баланың жылдам жүріп бара жатқанына қарамастан, ізінен аңдып бара жатқанын байқауға болады.
Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде бойжеткеннен арыз түскенін мәлімдеді.
«Оқиға тіркелді. Полиция көшеде әйелдің соңынан еріп, ғимаратқа кіріп бара жатқан сәтінде әдепсіз іс жасаған ер адамды анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр, ер адам заңға сәйкес жауапқа тартылады», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады