2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Бұл туралы Құрылтай депутаты мәлімдеді
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелер декретке шыққан кезде және бала 1,5 жасқа толғанша төленетін жәрдемақыларды мүлде алмайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет мәлім етті. Айта кетейік, жуырда Үкімет 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап А және В санатындағы көпбалалы аналарға бала туғанда мемлекеттік бюджеттен төленетін бір реттік төлем мен бала 1,5 жасқа толғанша төленетін төлемнің тоқтайтыны туралы Қаулы қабылдаған. Қалған үш санаттағы, яғни, табысы аз әйелдерге үкімет бұл төлемдерді төлей береді.
Бұл құжатта айтылмаған тағы бір өзгеріс декретке шығатын әкелерге қатысты екені хабарланды.
«Көбіне Жаңа жылдан бастап 14 жәрдемақының төленбейтіні туралы ғана айтып жатыр. Енді Жаңа жылдан бастап ер адамдар декреттік төлем алмайды. Оған да қатысты өзгерістер бар», - деді Ләззат Қожахмет.
Жалпы, Құрылтай депутаты бұдан былай күнде эфирге шығып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақылар саясаты туралы түсіндірмек.