$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Венесуэладағы АҚШ-тың шабуылынан 100 адам қаза тапты

23 әскеридің аты-жөні жария болған 

Венесуэладағы АҚШ-тың шабуылынан 100 адам қаза тапты
Фото: REUTERS/Maxwell Briceno

Венесуэлада АҚШ шабуылынан 100 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Reuters жазуынша, көптеген адам өткен сенбіде америкалық әскери күштер Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті тұтқындаған кезде қаза тапқан.

Венесуэла армиясы қаза тапқан 23 әскери қызметкердің тізімін жариялады. Ресми тұлғалардың хабарлауынша, президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен күштердің бір бөлігі «аяусыз» өлтірілген. Куба болса, Венесуэла аумағында өз әскери қызметкерлері мен барлау өкілдерінің қаза тапқанын растады.

Диосдадо Кабельоның айтуынша, рейд барысында Николас Мадуро аяғынан, ал әйелі Силия Флорес басынан жарақат алған.

Диосдадо Кабельоның айтуынша, рейд кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлерге байланысты елде бір апталық аза тұту жарияланған.

Серіктес жаңалықтары