07.10.2025, 17:42
Заң мен тәртіп
Астанада 300-ден астам отбасыны үйсіз қалдырған адам қамалды
Ол үлескерлерден 4 млрд теңге жинап алған
Фото: ЖИ жасаған
Астана қаласының полиция департаменті «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің салымшыларының шағымдары бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында жосықсыз құрылыс компаниясы заң талаптарын бұзып, тиісті рұқсатсыз тұрғын үй салу үшін азаматтардан қаражат жинағаны анықталды.
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 300-ден астам отбасы зардап шегіп, материалдық шығын көлемі 4 млрд теңгеден асқан.
Елорда прокуратурасының үйлестіруімен күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда, іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады