12.08.2025, 11:23
Заң мен тәртіп
Абайдың 180 жылдығында екі жасар бала Семейдің полициясын аяғынан тік тұрғызды
Бала ата-анасынан адасып қалған
Фото: Polisia.kz
Абай облысының 180 жылдығына арналған концертте екі жасар бүлдіршін адасып кетіп, ата-анасын шошытқан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Абырой болғанда жылап жүрген баланы полиция инспекторлары - Мәди Даулетұлы мен Сұңғат Асқарбекұлы байқап қалған.
«Семей қаласының полиция қызметкерлері бірден баланың ата-анасын іздей бастады. Куәгерлердің айтуынша, бала ойынның қызығына түсіп, ата-анасынан ажырап қалған. Тәртіп сақшылары дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, небәрі 10–15 минут ішінде алаңдаған анасын тауып, баласын қолына табыстады. Өз перзентінің дін аман екенін көрген ана полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен қамқорлығы үшін шынайы алғыс айтты», - деп хабарлайды полиция.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды