$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда өз баласынан 11 млн теңге жасырған әке сотталып кетті

Ол бір жыл бас бостандығынан шектелді

Алматыда өз баласынан 11 млн теңге жасырған әке сотталып кетті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы қаласының прокуратурасы Алмалы ауданындағы әкелер балаларына ірі сомада алимент төлемей жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алмалы ауданындағы жеке сот орындаушыларының қолындағы құжаттарға сай, аудандағы алименттердің қарызы 1,5 млрд теңгеге жеткен. Оны өндіріп алу үшін прокуратура мен полиция алименттегі қарызы бар адамдардың автокөліктерін, мүліктерін анықтап, соларға арест қою арқылы қарыздарын қайтарып жатыр.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкерлердің 22 автокөлігі анықталып, айыппұл тұрағына қойылды. Бес іс бойынша мүлік алынғаннан кейін 7 миллион теңгеден астам қарыз толығымен өтелді. Өндірілген қаржының жалпы сомасы 74 млн теңгеден асты», - деп хабарлайды прокуратура.

Осындай адамдардың арасында алиментті әдейі төлемей жүрген әкелер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Олардың біреуі Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылды: ол сот шешімін қасақана орындамағаны үшін және кірісін жасырғаны үшін баласына 11 миллион теңгеден астам қарызын төлемей жүрген. Сот оны бір жыл бас бостандығынан шектеді», - деп хабарлайды прокуратура.

Серіктес жаңалықтары