Алматыда жасырын патруль қауіпті маневр жасаған жүргізушілерді ұстады (ВИДЕО)

BMW мен Toyota жүргізушілері агрессивті көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылып, көліктері айып тұрағына қойылды

Алматыда жасырын патруль қауіпті маневр жасаған жүргізушілерді ұстады (ВИДЕО)
Фото: © istockphoto.com

Алматыда жасырын патруль қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға өткен түні әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әкімшілік полицияның іздестіру бөлімінің қызметкерлері арнайы белгісі жоқ қызметтік автокөлікпен патрульдеу кезінде BMW және Toyota көліктерінің жүргізушілері жолда қауіпті әрекеттер жасағанын анықтаған.

Полицияның мәліметінше, жүргізушілер агрессивті маневр жасап, жолақтарды ретсіз ауыстырған және басқа жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген. Тәртіп сақшылары оларды жедел тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Екі көлік те мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті жасырын патрульдеу қауіпсіздік талаптарын әдейі елемейтін және жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жүргізушілерді анықтау үшін қолданылатынын еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл тәжірибе енгізілгелі Алматыда агрессивті көлік жүргізудің 500-ден астам фактісі анықталып, барлық құқық бұзушылар заң алдында жауапқа тартылған.