«Ештеңеге қол жеткізбеді»: Сабина Алтынбекова Шерхан Қалмырза жайлы айтты
Волейболшы 18 жастағы қақпашыны қолдап шықты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы уақытта желіде Шерханға қарсы «ештеңеге қол жеткізген жоқ», «ерекше ойынымен көзге түспеді» деген сынды жазбалар тараған еді. Бұған жауап ретінде Сабина 18 жастағы қақпашыны қолдап шықты.
«Осындай қолдау көрсетудің орнына сын айтатындар көп. Назар аударма. Ештеңе де бекер болмайды, бәрі Алланың қалауымен. Алға, Шерхан! Еңбек, мінез және жинақылық – бастысы осы», – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Сабина Алтынбекованың Шерхан Қалмырзаны қолдап жазған пікірі жас қақпашыға демеу болып, жанкүйерлер арасында да қызу талқылануда.
Сабина Алтынбекова туралы не білеміз
Ол 17 жасынан бастап Қазақстан жастар және ересектер құрамасында ойнады. 2014 жылы Азия жасөспірімдер чемпионатындағы ойынынан кейін сұлулығымен әлем назарын өзіне аударған болатын. Ол Қазақстанда «Алматы» клубында ойнап, кейін Жапония, БАӘ және Индонезия елдерінде кәсіби карьерасын жалғастырды. Ал «Аль-Уасл» клубының сапында Араб лигасының чемпионы атанды.
Спорттан тыс өмірінде де маңызды кезеңдер болды: 2020 жылы тұрмысқа шығып, сәби сүйді. Алайда 2025 жылдың басында оның ажырасқаны белгілі болды. Енді волейболшы жаңа белесті туған елінде, Қазақстан чемпионатында бастамақ.
2025 жылдың тамызында ресми түрде «Астана» волейбол клубына ауысып, елордалық командада өнер көрсететін болды.
Клубтық карьерасы:
Жапония – GSS Sunbeams
Италия – VolAlto Caserta
БАӘ – Әл-Васл
Қазақстан – «Алматы» клубы