05.10.2025, 06:42
Спорт
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды
Жарыстың алғашқы күнінде ел қоржынына бес медаль түсті
Фото: istockphoto.com
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиадалық комитеттің сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бірден бес медальға қол жеткізді. Оның үшеуі - алтын.
«Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді», - деп жазылған хабарламада.
Осы бағдарламада Эдуард Ким күміс жүлдегер атанса (223.5584), Ясмина Исламова қола медаль иеленді (204.0066).
Ал командалық сайыста (еркін бағдарлама) Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды (267.0639).
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды