$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:20
Спорт

«Бір адамға екі билет»: стадион «Қайрат»-«Реал Мадрид» жанкүйерлерін ЖСН арқылы тексереді

Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы ресми ақпарат таратты

«Бір адамға екі билет»: стадион «Қайрат»-«Реал Мадрид» жанкүйерлерін ЖСН арқылы тексереді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy футбол клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Бүгін, 15 қыркүйек күні клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялайды.

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады. Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі», - деп хабарлайды клуб.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп, әлемдік алып – мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шығады. Ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. 

 

Серіктес жаңалықтары