$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ойлашы, екі бірдей шәкіртің чемпион»: ӘЧ-дегі комментатор ерекше трендті қайталады (ВИДЕО)

Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орын алды

«Ойлашы, екі бірдей шәкіртің чемпион»: ӘЧ-дегі комментатор ерекше трендті қайталады (ВИДЕО)
Фото: Olimpik.kz

Ливерпульде бокстан өткен Әлем чемпионатында комментатор болған Айбек Намазбаев әлеуметтік желіде кеңінен таралған «Ойлашы» трендін бокста қолданды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ойлашы, сен Ілияс Оралбековсың, сенің екі бірдей шәкіртің Әлем чемпионатының финалында, екеуі де мықты қарсыластарды жеңіп, әлемді өзіне қаратты. Ал енді финалда жеңіске жетіп, көк Туды желбіретті, оны көрген бапкер қуаныштан көзіне жас алды. Жарайсың, Махмұд Сабырхан», - деді Айбек Намазбаев.

Махмұд Сабырханның інісі Төрехан Сабырхан да Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Әлем чемпионатында бокстан Қазақстан құрамасы қоржынға 7 алтын салып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.

Ерлер арасындағы чемпиондар

  • 50 кг: Санжар Тәшкенбай – алтын
  • 55 кг: Махмұд Сабырхан – алтын
  • 70 кг: Төрехан Сабырхан – алтын
  • +90 кг: Айбек Оралбай – алтын

Әйелдер арасындағы чемпиондар

  • 51 кг: Алуа Балқыбекова – алтын
  • 65 кг: Аида Әбікеева – алтын
  • 70 кг: Наталья Богданова – алтын

Сонымен қатар, 48 кг салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды.

Серіктес жаңалықтары