$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Барыс» хоккей клубының жаңа бас бапкері болып ресейлік маман тағайындады

Михаил Кравец елордалық клубтың тізгінін ұстады

«Барыс» хоккей клубының жаңа бас бапкері болып ресейлік маман тағайындады
Фото: «Барыс» ХК баспасөз қызметі

Астаналық «Барыс» хоккей клубы команданың жаңа бас бапкерін таныстырды. Бұл қызметке ресейлік маман Михаил Кравец тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған. Құжатта келесі маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Алдыңғы маусымдағы сәтсіздік бапкер ауыстыруға себеп болды ма?

Еске салсақ, 22 шілдеде Евгений Королев уақытша бас бапкер қызметіне тағайындалған болатын. Оған дейін команданы жаттықтырған Ғалым Мамбеталиев ҚХЛ-дың тұрақты маусымында қатарынан ең көп жеңіліс тіркеп, «Барысты» турнирлік кестенің соңғы сатысына түсірді.

Мамбеталиевпен келісімшарт үзілді

«Бұрынғы бас бапкер Ғалым Мамбеталиевпен арадағы келісімшарт ҚХЛ маусымындағы нәтижелерге байланысты бұзылды», – делінген клубтың ресми хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары