04.08.2025, 14:30
Спорт
2028 жылғы Олимпиадада алтын үшін күрес жалғасады - Нариман Құрбанов
Қазір спортшы жарысқа дайындалып кеткен
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Париж Олимпиадасында күміс жүлде алған гимнастшы Нариман Құрбанов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында алтын медаль үшін күресетінін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Естеліктерге оралу әрдайым жүрекке жылы, алайда бұл біздің соңғы аялдамамыз емес. 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі Олимпиадада алтын медаль үшін күресіміз жалғасады», – деп жазды Құрбанов.
Еске салсақ, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
