$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 06:05
Спорт

Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

Ол 50 метр қашықтықты баттерфляй әдісімен 23.33 секундта жүзіп өтті

Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды. 27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты.

«Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті. Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті», - деп жазылған хабарламада.

Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.

Еске сала кетейік, осы айдың басында қазақстандық ауыратлет Денис Полубояринов Астанада Азия чемпионатының рекордын жаңартқан болатын. Ол жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, чемпион болды.

Серіктес жаңалықтары