$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2025, 02:03
Спорт

Қазақстан волейболшылары тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы алғаш рет волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды

Қазақстан волейболшылары тарихи нәтижеге қол жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тарихи нәтиже

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше жарыс Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті.

«Финалда Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды», - деп жазылған хабарламада.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Қазақстан әлем чемпионатына жолдама алды

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.

«Аталған нәтиже бойынша Қазақстан және Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды», - деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Каскабаев үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов үздік либеро, ал Алмат Оспанов үздік блок қоюшы атанды.

Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында өтті. Жарысқа 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық командасы қатысты.

 

Серіктес жаңалықтары