Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингіде үздік алтылыққа енді
Бұған дейін команда 12-ші орында болған

Қазақстандық теннисші қыздар Billie Jean King Cup жаңартылған рейтингінде алтыншы орынға көтеріліп, тарихи нәтиже көрсетті. Бұған дейін команда 12-ші орында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Австралия, Жапония, Бельгия және Франция сияқты командаларды басып озып, тұңғыш рет әлемнің үздік алты командасының қатарына енді.
"Қазақстан құрамасы биылғы жылдың сәуір айында іріктеуден сәтті өтіп, өз тарихында үшінші рет Billie Jean King Cup әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өткенін еске саламыз. Әлемнің ең мықты сегіз командасы қатысатын финалдық кезең Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында өтеді", - деп жазылған хабарламада.