28.04.2025, 15:55
Спорт
Қазақ қыздары Азия чемпионатында жеңіске жетті
Олар Азияның үздік волейболшылары атанып отыр
Фото: vestnik19.kz
«Жетісу» волейболшылар командасы Филиппинде өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vestnik19-ға сілтеме жасап.
Филиппинде волейболдан әйелдер арасындағы «AVC Чемпиондар Лигасы-2025» аяқталды. «Жетісу» командасы финалда Вьетнамның «VTV Bình Định Long An» клубымен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді.
Азияның жетекші клубтары арасындағы континенттік чемпионатта Қытай, Вьетнам, Иран, Тайбэй, Гонконг, Тайланд, Австралия және Филиппин клубтары үздіктер қатарынан көрінді.
Айта кету керек, «Жетісу» өз тарихында алғаш рет Азияның басты клубтық кубогын жеңіп отыр. Бұған дейін, 2013 жылы біздің волейболшыларымыз күміс медальді, ал 2014 жылы қола медальді жеңіп алған болатын.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді