$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2025, 22:30
Спорт

Алматыдағы марафонда екі адам көз жұмды: министр мәлімдеме жасады

Ербол Мырзабосынов жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талап күшейтілетінін атап өтті

Алматыдағы марафонда екі адам көз жұмды: министр мәлімдеме жасады
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы – ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның мәліметінше қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады», - деп жазды министр Instagram-дағы парақшасында.

Ол жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талап күшейтілетінін атап өтті.

«Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуға тиіс.Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды», - деп түйінеді Мырзабосынов.

Еске сала кетейік, Алматыда өткен Almaty Half Marathon спорттық шарасында қайғылы оқиға болды. Жартылай марафонға қатысқан екі адам – 84 жастағы Аккоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади жарыс кезінде көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт #марафон