Қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды
Ақтық сында Карими төрешілердің шешімімен 14.500 ұпай жинады

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 19 сәуірде кермедегі жаттығулар бағдарламасының финалында топ жарды.
«Ақтық сында Карими төрешілердің шешімімен 14.500 ұпай жинады. Тайбэйлік Чиа Хун Тан 14.400 ұпаймен екінші орынды иеленсе, қытайлық Ци Тан 14.000 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді», - деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті.
Осылайша, Милад Әлем кубогының кезеңін екі алтын медальмен аяқтады. Бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасының финалында жеңіске жеткен болатын.
Айта кетері, Қазақстан құрамасы бұл жарысты төрт медальмен аяқтады. Финалдың алғашқы күнінде Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда үшінші орын алса, Алтынхан Темірбек еркін жаттығуларда екінші орын иеленді.