Астанада сабақ беретін мұғалім әйел 54 жасында 100 келі зілтемір көтеріп, рекорд орнатты (ФОТО)
Ол Мысырда өткен пауэрлифтингтен өткен ашық әлем чемпионатында екі алтын жеңіп алды
![Астанада сабақ беретін мұғалім әйел 54 жасында 100 келі зілтемір көтеріп, рекорд орнатты (ФОТО)](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67a9818b31cc7638852326.jpg)
Мысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатында Қазақстанның еңбең сіңірген бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержаеова рекорд орнатып, екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Айгүл Ержанова бұл спортқа 52 жасында келген. Қазір жасы 54-те.
Жиырмаға тарта мемлекеттің өкілдері қатысқан жарыста Айгүл Ержанова 100 кг зілтемір көтеріе, екі алтын медаль иеленді.
«Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан, көбі мені басында Қытайдан келген спортшы деп ойлап қалды Алайда, рекорд орнатып, Қазақстаннан келген мұғалім екенімді білгенде, бәрі қошемет көрсетті», - дейді Айгүл Ержанованың өзі.
Айта кетейік, Айгүл Ержанова Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған.