$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2025, 18:00
Спорт

Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасына 700 бала қатыспақ

Олар еліміздің өңір-өңірінде бақ сынайды 

Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасына 700 бала қатыспақ
Фото: istockphoto.com

2025 жылдың 10 ақпан күні Қазақстанда оқушылар арасындағы XIII қысқы Гимназиада басталады. Спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 12-18 жас аралығындағы 700-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының хабарлауынша, гимназиада сегіз спорт түрі бойынша, атап айтсақ, шаңғы жарысы, қысқы президенттік сайыс, биатлон, қысқы спорттық бағдарлау, шорт-трек, бенди (допты хоккей), шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша өтеді. Барлығы 162 медаль және 15 кубок ойнатылады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында салауатты ұлтты тәриелеу туралы айтты. Ол үшін елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту қажет. Гимназиада - бұл жәй ғана жарыс емес, нағыз таланттарды анықтауға, балалар арасында спортты насихаттауға және спортшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған дода», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов.

Серіктес жаңалықтары