$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық спортшы пара биатлоннан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Петропавл тумасы 12,5 шақырымдық жекелей сында үздік атанды

Қазақстандық спортшы пара биатлоннан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)
Фото: Instagram/csp_parasport.kz

Қазақстандық парабиатлоншы Ербол Хамитов Словенияның Поклюка қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы күнінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

27 жастағы Петропавл тумасы 12,5 шақырымдық жекелей сында үздік атанды. Ол мінсіз өнер көрсетіп, ең жақын қарсыласынан 7,2 секундқа алда болды. Күміс медальді канадалық Дерек Заплотинский, қола жүлдені америкалық Аарон Пайк жеңіп алды.

Бұл сында тағы бір қазақстандық Сергей Усольцев 13-ші орыннан көрінді.

Ербол Хамитов 2025 жылғы әлем чемпионатында екінші медалін алып отыр. Ол бұған дейін 7,5 шақырымдық спринтте жеңімпаздан 10,3 секундқа кеш қалып, қола медаль жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Словенияда өтіп жатқан әлем чемпионаты 4 ақпанда басталып, 9 ақпанда аяқталды.

Серіктес жаңалықтары