$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2025, 04:25
Спорт

Ақтаулық спортшы Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады

Гиннестің рекордтар кітабына есімі енген отандасымыз шетелге жұмыс істеу мақсатымен кеткен

Ақтаулық спортшы Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады
Фото: Фото: Instagram/Ильдар Ягьяев

Ақтаулық Ильдар Ягьяев осыдан екі жыл бұрын Ұлыбританияға жұмыс істеуге кеткен болатын. Жақында ол аталмыш елден саяси баспана сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спортшының айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұр.

«Менің өміріме қауіп төніп тұр, Қазақстаннан мені қорқытып жатқандар бар.Бәрі шілде айындағы интервьюден басталды, онда белгілі спортшының Англияда капуста теріп жүргені туралы айтылған. Содан кейін маған әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалушылар көбейді, жұмысқа және үйіме белгісіз адамдар іздеп келе бастады», – дейді Ильдар.

Ол екі жыл ішінде Англияда бірнеше жұмыс ауыстырғанын айтты. Алғашында егіс алқабында еңбектенген.

«Футбол матчтарында стюард болдым, «Макдональдс»-те жұмыс істедім. Заңсыз жүргендіктен дұрыс жұмыс табу қиын. Саяси баспана алған соң жағдай түзелер деп үміттенемін. Мен Қазақстанда жедел тамақтану желісінде директор болғанмын», – дейді Ильдар Ягьяев.

Ақтаулық спортшы турникке тартылудан әлемнің жеті дүркін чемпионы және Гиннестің рекордтар кітабына есімі жазылған.

Серіктес жаңалықтары