24.01.2025, 07:45
Спорт
«Челси» қазақстандық жас футболшы үшін 4,3 млн еуро төлейді
Бұл – ел футболы үшін рекордтық сома
Фото: fckairat.com
Ресейлік инсайдер Иван Карпов «Челси» клубы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев үшін қомақты қаражат төлеуге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Инсайдердің мәліметінше, «ақсүйектер» алматылық футболшы үшін 4,3 миллион еуро береді. Бұл – қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім.
«Соның ішінде 2,4 миллион еуро – нақты төлем, ал қалғаны «Қайрат» немесе жалға берілген өзге клуб сапында өткізген ойындары үшін бонус ретінде қарастырылады. Бес жылдық келісімшарт 2026 жылы – Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді», – делінген хабарламада.
Бұған дейін «Қайрат» Нұралы Әліпті «Зенитке» 2 миллион еуроға сатып, рекорд орнатқан болатын.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды