$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.01.2025, 20:10
Спорт

Тағы бір легионер Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Қазір ол Моңғолияда жас дзюдошыларды жаттықтырып жүр

Тағы бір легионер Қазақстан азаматтығынан бас тартты
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Кезінде Қазақстанның азаматтығын алып, біздің елдің атынан күрескен белгілі дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах 2021 жылы өз отаны Моңғолияға оралған болатын. 2024 жылдың желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, қайтадан Моңғолия азаматтығын алуға өтініш берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Отгонцэцэг 2015 жылдан бастап Қазақстанның атынан түрлі жарыстарға қатысқан. Рио Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алғаны белгілі.  Әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алған. Азия чемпионы деген атағы бар. Гранд Слэм, Гран При жарыстарында бірнеше рет топ жарды. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Ол Токио Олимпиадасынан кейін үлкен спортпен қоштасып, туған жері Моңғолияға көшіп кеткен. Ұланбатор қаласында Winner judo sport club клубын ашқан. Қазіргі уақытта жас дзюдошыларды жаттықтырады.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Олимпиада #дзюдо