Черчесов федерация президентімен кездесуде не туралы сөйлесті
Ұлттық құрама бапкері қызметінен кете ме?
Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Станислав Черчесов жақында ғана сайланған Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін Марат Талғатұлымен алғаш рет кездестім. Кездесу екі сағатқа созылды және жемісті болды деп ойлаймын. Таныстық, Қазақстан құрамасының 2024 жылғы қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған менің жоспарларым мен стратегиямды, әлем чемпионатына іріктеу ойындарының кестесін, команда құрамы мен қарсыластардың жайын талқыладық», – деді Станислав Черчемов «СЭ» порталына берген сұхбатында.
Станислав Черчесов сұхбат барысында бас бапкерліктен кету жайлы сауалға да жауап берді. Айтуынша, федерация президентімен кездесуде бұл мәселе мүлдем көтерілген жоқ.
Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусым айынан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда алты ойын өткізіп, бір рет тең түссе, бес матчта 0-15 есебімен жеңілді.