$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алтын жоқ, бірақ ештеңе етпейді - боксшы Василий Левит Олимпиадада алтын ала алмаған боксшылар туралы (ВИДЕО)

Ол боксшылардың алтын алмауына қатысты ешкімді кінәламайды

Алтын жоқ, бірақ ештеңе етпейді - боксшы Василий Левит Олимпиадада алтын ала алмаған боксшылар туралы (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит Париж Олимпиадасынан алтынсыз оралған боксшыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы екі Олимпиадада бокстан алтын болмады. Нәтиже көңілді көншітпейді. Бірақ мен оны құлдырау деп есептемеймін. Біздің бапкерлер - әлемдегі үздіктердің бірі. Қазір спортшыларды даярлау бойынша әдістер өзгеріп жатыр. Келесі Олимпиададан алтынсыз оралмаймыз деп ойлаймын. Ол үшін мүмкіндік жетерлік. Алтын алмағаны үшін біреуді кінәлай алмаймыз. Бокс спорттың ерекше түрі. Себебі кейбір спортшылар чемпион болатын жерден болмай қайтып жатады», - дейді Левит.

Оның айтуынша, Астанада спортшыларға жағдайды жақсырту үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Айта кетейік, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс медалін алған Василий Левит 2024 жылдың ақпанында Астана қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына басшы болып келген. 
 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары