$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2024, 17:44
Спорт

«Спорттағы жемқорлық»: Қазақстанда 260-тан астам бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген

Екі жүзге жуығы жұмыстан қуылды

«Спорттағы жемқорлық»: Қазақстанда 260-тан астам бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген
Фото: istockphoto.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген. 16 өңірде еңбекақы төлеу қоры, іссапар шығыны, жалған спорттық шараларға бөлінген бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, жыл басынан бері осы салада 64 қылмыстық іс тіркелген. Мемлекетке 1,6 млрд теңге залал келген. Қазір 23 адам сотталып,  548 млн теңгені құрайтын мүліктің орны өтеліп, бұғатталды.

«Он жеті өңірде 260-тас астам жаттықтырушы мен оқытушы тұлғалар жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды. Барлық материал полиция органдарына берілді, 188 адаммен еңбек келісімшарты бұзылды», - деді ол брифингте.

Сонымен қатар қазір бес өңірде спорт нысандарын тиімсіз басқару тәуекелдері белгіленген.  Талдау нәтижелері бойынша бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мәселен, Атырау облысында Мұз сарайы коммуналдық меншікке өткен. Спорт нысаны 2018 жылы «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубының басқарушысы - жеке кәсіпкерге негізсіз берілген.

Осыған ұқсас факті Алматы қаласында тіркелді. Бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өтеусіз негізде жеке ұйымның басқаруында болған «Халық Арена» және «Алматы Арена» құрылыстары коммуналдық меншікке қайтарылды.

Батыс Қазақстан облысында ұйымның сенімгерлік басқаруында болған футбол алаңы бар стадион мемлекет меншігіне өткен. Ал Шымкент қаласында жеті жыл бұрын 108 млн теңгеге сатылған Мұз сарайының 67 пайыз үлесі мемлекетке қайтарылды.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендірілген және жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылған «Айша бибі» су полосы бойынша клуб мемлекет меншігіне өтті деп атап өтті Бегайдаров.  

Серіктес жаңалықтары