21.10.2024, 17:34
Спорт
Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы әуесқой бокстан кететін болды
Иман Хелиф өз шешіміне байланысты мәлімдеме жасады
Фото: Richard Pelham / Getty Images
Париж Олимпиадасының чемпионы, трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Халифа әуесқой бокстан кетіп, кәсіби боксқа ауысатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жақын арада мен кәсіпқой боксқа ауысамын, ол жақтан көптеген қызықты ұсыныс түсті. Олимпиада чемпиондары кәсіпқой бокста өте жоғары бағаланады. Бірақ мен өз кәсіпқой карьерамды қайдан бастайтынымды әлі шешкен жоқпын», - деп жазады Иман Хелифтің сөзін En Nahar.
Естеріңізге сала кетейік, Иман Хелиф 2024 жылдың жазында Париж Олимпиадасының чемпионы атанғаннан кейін әлемдік танымал тұлғалар оны трансгендер деп айыптаған болатын.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
