04.10.2024, 16:55
Спорт
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінде келеңсіз жағдай болды (ВИДЕО)
Спортшы жеңімпаз атанды
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының Сиднейде (Австралия) Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі алдында келеңсіз жағдай болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлімханұлы рингке шыққаннан кейін ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып қойды.
Жәнібектің командасы әнұранның қателігі туралы сигнал беруге тырысты, бірақ әнұранның қазіргі нұсқасы қойылмады, бұл аренаға келген қазақстандық жанкүйерлердің наразылығын тудырды.
Андрей Михайловичпен жекпе-жек «қазақ стилінің» Австралиядағы дебюті және 2023 жылдың қазан айынан бергі алғашқы кездесуі болып отыр. Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті нокаутпен аяқтап, жеңіске жетті.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды