06.10.2024, 17:36
Спорт
Болашақ жұлдыз: қазақстандық теннисші кезекті турнирде чемпион болды
Ол финалда ұлыбританиялық теннисшіні жеңіп кетті
Фото: Instagram/ktf.kz
Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер арасында әлемінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов Қытайда өткен турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирінің финалында ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді.
Алғашқы сетте тай-брейк арқылы Бондинг алға шыққан, алайда отандасымыз соңғы екі сетті 6:0 және 6:4 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, Әмірдің ITF Juniors турнирлеріндегі алтыншы кубогын жеңіп алды.
Көп оқылған
06.06.2026, 07:32
Найзағай, бұршақ, дауыл: 6 маусымда елде ауа райы құбылмалы болады
06.06.2026, 06:23
Жер бетінде магниттік дауыл жалғасып жатыр
06.06.2026, 11:08
Тоқаев Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады