Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Әнұран шырқалғанда ағыл-тегіл жылады (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің ширек финалға шыққан еді,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ойын басталарда Қазақстанның Әнұраны ойнағанда, 23 жастағы Әбдірасул Әбдіманапұлы көз жасына ерік берді.
«Еңіреп жылап тұрса, қандай рух? Жеңістің көз жасы болсын. Нағыз патриот жігіт екен. Ел қорғайтын ерлер ғой,нағыз намысты,жігерлі жігіттер.Мынандай ойындарын көріп қосылып жылап әнұранды бірге шырқағың келеді ғой», - деген видеоға пікір жазушылар.
Футзалдан Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің 8/1 финалында Қазақстан-Португалия арасында матч өтті. Тартысқа толы өткен кездесудің 10-минутында қазақстандық Шыңғыс Есенаманов есеп ашты. Оған португалиялық Зикки 21-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал ойынның бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты.
Осылайша, ел құрамасы ширек финалға шықты. Қазақстанның келесі қарсыласы бүгін белгілі болады. Спортшылар жартылай финал жолдамасын Аргентина мен Хорватияның қай жеңгенімен сарапқа салады.