Қазақстанда құсбегі мен екі мангала шебері алтын жүлде иеленді

Azattyq Rýhy

Қазақстан мангаладан төрт, құсбегіліктен 1 жүлде алды

Қазақстанда құсбегі мен екі мангала шебері алтын жүлде иеленді
Фото: gov.kz

Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Құсбегі Серікбек Күнтуған және мангаладан Құндыз Есіркеп пен Биғали Зкиряев алтын жүлде алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құсбегіліктен өткен ақтық сында бүркіт салудан Серікбек Күнтуған алтын жүлдеге ие болды. Бүркіт салудан финалда 12 спортшы өнер көрсетті. Бәсекеге жалпы 10 мемлекеттен 18 спортшы қатысты.
Сондай-ақ, түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан Қазақстан құрамасы төрт жүлде алды. Әйелдер арасында Құндыз Есіркеп алтын жүлде алса, Айкерім Қуанышбекова қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Биғали Зкиряев алтын медаль алса, Азамат Қайдаров қола жүлде еншіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.