Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: топ бәйге мен жорға жарыс мәресіне жетті

Azattyq Rýhy

Топ бәйгені үш жүлдесін Қазақстан сәйгүліктері иеленді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: топ бәйге мен жорға жарыс мәресіне жетті
Фото: ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы топ бәйге, жорға жарыс және құнан жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Топ бәйгеден 18 шақырымға 19 жүйрік жарыс жолына шығып, 3 ат қана мәреге жетті, Қазақстанның үш сәйгүлігі жүлделі орындарға ие болды.

1-орын: Холибой, шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Едил Буралкиев (Қазақстан);

2-орын: Зымыран, шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);

3-орын: Кемеңгер, шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).

9 шақырымдық жорға бәйгеде Қазақстан сәйгүлігі екінші келді. Жорға жарысқа 18 қатысушы қатысты. Қырғызстандық «Чиксон Лок» мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстан сәйгүлігі «Ақ жауын» екінші болып келсе, қырғыз тұлпары «Императрица»  үштікті түйіндеді.

1-орын: Чиксон Лок. жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан); 

2-орын: Ақ-жауын. Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);

3-орын: Императрица. Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).

Сондай-ақ, 11 шақырымдық құнан бәйге жүлдегері - «Қамысқұлақ». Әмір Серік тізгіндеген сәйгүлік мәреге бірінші болып жетті. Иесі - Нұржігіт Табылдиев. 11 шақырымға созылған дүбірлі додада қазақстандық үш ат үздік атанды: 2-орын «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек (Қазақстан). 3-орын: «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш (Қазақстан).«Құнан бәйге» сайысында Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінен 15-тей құнан бақ сынады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.