Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ұшқыр бәйгеде озған жүйріктер белгілі болды

Azattyq Rýhy

Жеңімпаздар арасында қазақ тұлпарлары да бар 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ұшқыр бәйгеде озған жүйріктер белгілі болды
Фото: Көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі

Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат жарыстарының алғашқы жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 600 метрлік ұшқыр бәйгеде Рамазан Табылдиев тізгіндеген Шағала бірінші болып мәреге жетті. Оза шапқан сәйгүлік атақты Кабирханның иесі Тілек Мұқанбетқалиевқа тиесілі. Екінші болып мәре сызығын Арлан сәйгүлігі кесті, шабандоз - Мырзабек Қапышев. Үшінші орын да Қазақстан құрамасының мүшесі Расул Алпысбай тізгіндеген Струна сәйгүлігіне тиесілі. Үш жүйрікте Қазақстаннан. Жарысқа 4 елдің сәйгүліктері қатысты.

2 400 метрлік ұшқыр бәйгеде Асланбек Байкенов тізгіндеген Берил Рэйсер сәйгүлігі мәреге бірінші болып жетті. Иесі – Бақтияр Байзақов. Екінші орынды «Адай» иеленді. Шабандоз – Мырзабек Қаппышев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев. Ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев  Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді. абандоз әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов. Ат иесі – Қарабай КФХ.  Ұшқыр бәйгенің 2,4 шақырымдық кезеңіне Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан атынан 5 сәйгүлік шапты.

3 200 метрлік ұшқыр бәйгеге дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттар жарысты. Бәйгенің бас жүлдегері Мырзабек Қаппышев тізгіндеген Лайф’с Э Бриз. Мәреге бірінші болып жеткен сәйгүліктің иесі - Нұржігіт Табылдиев.  2-орында Уэст Кост Найт, шабандоз әрі бапкері — Жүсіпов Дәурен, ат иесі — Қарабай КФХ. 3-орында Аляска Тайгер, шабандоз әрі бапкері — Рамазан Табылдиев, ат иесі — Нұржігіт Табылдиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.