06.09.2024, 10:10
Спорт
Бүгін Парижде жеті спортшымыз өнер көрсетеді
Олардың үшеуі пара дзюдо бойынша бақ сынайды
Фото: туризм және спорт министрлігі
Бүгін, 6 қыркүйек күні Парижде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстанның бес спортшысы жарыс алағына шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Астана уақытымен сағат 12:45-те пара жүзуден Сиязбек Дәлиев, ал, сағат 14:10-да Зүлфия Ғабидуллина жарысады.
Сағат 13:00-ден бастап пара дзюдодан Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Аяла Мереке күреседі.
Пара каноэ спорт түрінен Бейбарыс Сыпатай, Жаңыл Балтабаевалар бақ сынайды.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Давид Дегтяров (пара пауэрлифтинг) алтын медаль алды. Мерген Еркін Ғаббасов,жүзуден Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алса, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар.
Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 18:23
Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты
12.08.2026, 12:40
Даркнетке 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен: министрлік ресми мәлімдеме жасады
12.08.2026, 21:16
+43°С ыстық, бұршақты нөсер: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы