05.09.2024, 14:44
Спорт
Бірнеше параспортшы Парижде финалға ілінді
Әзірге, Қазақстанның параспортшылары бір алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz
Нұрдәулет Жұмағали, Әмір Мұратбеков финалға, Ақмарал Науатбек жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пара жүзуден SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзген Нұрдәулет Жұмағали финалға жолдама алды. Оның үстіне, Нұрдәулет 1:05.11 уақыт көрсеткіші арқылы Азия рекордын жаңартып отыр. Дәл осы спорт санатында тағы бір параспортшымыз Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына жолдама алды. Финал Астана уақытымен 21:01-де өтеді.
Ал, парадзюдошы Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы