Жеке батыр: қырғыз боксшысы тарихта тұңғыш рет Олимпиаданың финалына шықты
Ол финалда өзбек боксшысымен кездеседі
Қырғызстаннан келген спортшы Мұнарбек Сейітбекұлы Париждегі Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бокстан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бокстасады. Ол 1 тамыз күні Куба спортшысы Сайдель Хортаны жеңіп, ширек финалға шыққан болатын. Одан кейін, 4-тамызда АҚШ-тан шыққан әлем чемпионы Джамал Харвиге қарсы жұдырықтасып, тағы да жеңіске жетті.
Ал, бүгін, 9-тамызда Мұнарбек Сейітбекұлы Болгариядан келген Хавьер Ибанес Диаспен рингке шыққан.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер қырғыз боксшысына 3 минуттан бөлек шешіммен жеңіс сыйлады. Осылайша, Мұнарбек Сейітбекұлы Олимпиада ойындарының финалына шықты. Енді ол 11 тамызға қараған түні Өзбекстанның қазіргі Азия және Әлем чемпионы Абдумалик Холоковқа қарсы жекпе-жек өткізеді.
Қырғызстаннан барған спортшы бокста жалғыз өнер көрсетіп жүр. Оның бапкері аккредитация жасап үлгермеген соң, Олимпиадаға бармаған. Қазақстандықтар Мұнарбек Сейітбекұлының финалға шыққанына қуанып, қолдау білдіріп жатыр.
«Жеке батыр, осы жолы қырғыз бауырымыз жеңіске жетіп, туларын желбіретсе екен. Жеке бапкерсіз жүрген жеке батырға жеңіс тілейміз. Өзбектерден чемпион көп шықты, қырғыз бауырымыздың жолы болсын», - деп жазды қазақстандықтар.