02.08.2024, 18:00
Спорт
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы 1/4 финалында жеңіліп қалды
Олар енді 5-8 орын үшін бақ сынайды
Фото: Тұрар Қазанғапов/olympic.kz
Париж Олимпиадасында ерлер арасында қылышпен семсерлесуден командалық жарыс өтті. Қазақстандық команда 1/4 финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші матчта Қазақстан Венгриямен кездесті. Жекпе-жек қарсыластар жеңісімен аяқталды, есеп – 45-30.
Осылайша, біздің команда Олимпиадада медаль үшін таласу құқығынан айырылды. Енді 5-8 орын үшін бақ сынайды. Келесі матчтағы қарсылас команда – Мысыр құрамасы.
Айта кетейік, семсерлесуден Қазақстан намысын қорғаған – Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді