01.08.2024, 16:40
Спорт
Париж-2024: нысана көздеуден қос спортшы да финалға өте алмады
Александра Ле мен Арина Алтухова өнер көрсетті
Фото: ҰОК
Париж Олимпиада ойындарында үш позицияда (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша әйелдердің іріктеу жарыстары өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан құрамасының атынан Александра Ле мен Арина Алтухова қатысты. Спортшылардың басты міндеті үздік сегіздің қатарына кіру еді. Себебі, іріктеу кезеңінен тек 8 спортшы финалға өтеді.
Сонымен, Александра Ле 10-шы орын (587 ұпай), ал Арина Алтухова 13-орынға жайғасты (586 ұпай). Осылайша, қазақстандық спортшылар финалға өте алмады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді