01.08.2024, 13:06
Спорт
Париж-2024: садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай жекелей сында жеңіліс тапты
Ол Олимпиада ойындарының 1/16 финалына шыға алмады
Фото: Владислав Семенов
Садақ атудан Қазақстан командасының өкілі Дәулеткелді Жаңбырбай 2024 жылғы Олимпиада ойындарының 1/16 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәулеткелді 1/32 финалда колумбиялық Хорхе Энрикемен кездесті. Аталған кездесу 7:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.
Айта кетерлігі, бұған дейін Дәулеткелді Жаңбырбай Қазақстан сапында командалық жарысқа қатысып, Италиядан 4:5 есебімен ұтылды.
Жекелей сында тағы бір қазақстандық спортшы – Ильфат Абдуллин канадалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.
Бүгін қазақстандық спортшылар нысана көздеу, дзюдо және бокста бақ сынайды.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды