30.07.2024, 10:37
Спорт
«Дұғада болыңыздар»: Назым Қызайбай келесі жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (ВИДЕО)
Оның келесі жекпе-жегі 1 тамызға жоспарланған
Фото: Olımpıc.kz
Париж Олимпиадасында бірінші жекпе-жегін жеңістен бастаған боксшы Назым Қызайбай дайындығын көрсетіп, келесі қарсыласы кім екенін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бірінші жекпе-жек өтті. Енді келесісіне дайындалу керек. Олимпте осал қарсылас болмайды. Келесі қарсыласым – бразилиялық боксшы. Шайқас бірінші тамызда өтеді», - деп жазды Назым Қызайбай.
Боксшының видеосына пікір қалдырғандар оның Олимпиада чемпионы атануын тілеген.
Еске салсақ, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) ұтты. Ол италиялық қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алған еді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды