29.07.2024, 18:00
Спорт
Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы сынға түседі
Жарыс Астана уақытымен 00:04-те басталады
Фото: olympic.kz
Бүгін, Астана уақытымен 00:04 және 00:52-де, боксшыларымыз Қамшыбек Қоңқабаев пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы сынға түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қамшыбек Қоңқабаев (92+ келі) Париж шаршы алаңындағы алғашқы жекпе-жегінде 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық спортшы Аюб Гадфамен кездеседі.
Сондай-ақ осыған дейін 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы айналымда Ойер Ибареччеден (Испания) басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. Енді, бүгін 1/8 кезеңінде Тайпей боксшысымен күш сынасады.
Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз!
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы