«Сізді Меккеге апарам деп едім»: қазақстандық спортшы жекпе-жек алдында анасының қайтыс болғанын естіген

Azattyq Rýhy

Төрешілердің бірауыздан шешімімен Ернат Түгелбеков «Балхашский тигр»  жеңіске жетті

«Сізді Меккеге апарам деп едім»: қазақстандық спортшы жекпе-жек алдында анасының қайтыс болғанын естіген
Бейнеден кадр

Қазақстандық спортшы, жекпе-жектен Nomad Fighting чемпионы Ернат Түгелбеков бүгін шаршы алаңда өнер көрсетіп, жеңіске жетті. «Балхашский тигр» лақап атымен танылған спортшы жекпе-жекке үш сағат қалғанда анасының өмірден өткенін естіген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаралы хабарды естігеніне қарамастан, Ернат ресейлік қарсыласымен жұдырық түйістіріп, өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті.

«Жекпе-жектен үш сағат бұрын анасының қайтыс болғанын білді. Осындай ауыр соққыға қарамастан, Ернат шайқасқа шықты. Мұндай жаңалықты біліп, жеңіске жету, жауынгердің керемет төзімділігі мен мықтылығын көрсетеді», - деп жазды Nomad Fighting желідегі парақшасында.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен Ернат Түгелбеков «Балхашский тигр»  жеңіске жетті.

«Осы жеңісімді анама арнаймын. Үш сағат бұрын суық хабар келген. Анашым, жаныңыз жәннатта болсын! Жеті жыл бойы ракпен күресіп, қиналды. Енді сізді Меккеге апарам ба деп едім. Енді қыдыртамын ба деп едім», - деп спортшы көз жасына ерік берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.