15.07.2024, 11:30
Спорт
Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат темір тұлпар сыйлады
Спортшы бапкеріне табыстайтын көлікті өзі тізгіндеп әкелді
Фото: ufc.com
UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өзінің бапкері Баян Жанғаловқа темір тұлпарды сыйға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін темір тұлпар сыйлауға Алла нәсіп етті. Демеушілік беріп, қолдау білдірген ағам Алидар Болатұлына ризашылығымды айтамын», - деп жазды спортшы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды