14.07.2024, 12:16
Спорт
Қазақстандық Мария Агапова UFC-де сәтсіз өнер көрсетті
Отандасымыз жекпе-жектің бірінші раундында жеңіліп қалды
Фото: UFC Russia
UFC-дегі алғашқы қазақстандық әйел Мария Агапова (10-5) Денвердегі (АҚШ) UFC on ESPN 59 турнирінде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агапова бірінші раундта бразилиялық Луана Сантостан (8-1) жеңіліп қалды. Ол қазақстандықты шалқасынан құлатып, тұншықтыру әдісін қолданды.
Осылайша, Агапова америкалық промоушенде қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. UFC-де қазір 2-4 рекордқа ие. Сантосқа қарсы жекпе-жек UFC-мен келісімшарт бойынша соңғы кездесуі болды.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек кешінің басты оқиғасы АҚШ-тың бұрынғы чемпионы Роуз Намаюнас пен америкалық Трэйси Кортез арасындағы титулдық емес 5 раундтық жекпе-жек болды.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты