07.07.2024, 16:52
Спорт
17 алтын жүлде: Қазақстан «Азия балалары» ойындарында 107 медаль алды
Жүлде алған барлық спортшы көрермендер алдында шеруде сап түзеп, көпшілік ықыласына бөленді
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Ресейдің Якутск жеріндегі «Туймаада» стадионында VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүлде алған барлық спортшы көрермендер алдында шеруде сап түзеп, көпшілік ықыласына бөленді.
Кешті құрметті қонақтар қатарында осы ойындардың түлегі, VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының бас төрешісі Мерей Ақшалов, сондай-ақ бірнеше мәрте аталған жарысқа еліміздің делегациясын бастап келген Мәлік Сапашев тамашалады.
Қазақстан құрамасы «Азия балалары» ойындарында 17 алтын, 31 күміс, 59 қола (барлығы 107) медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орынға тұрақтады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді