Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстан финалда Жапонияны жеңді

Azattyq Rýhy

Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай қорғады

Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстан финалда Жапонияны жеңді
Фото: Olympic.kz

Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы чемпион атанды. Финалда біздің спортшылар Олимпиада чемпионы – Жапония құрамасын жеңді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Команданың тәжірибелі мүшесі Руслан Курбановтың айтуынша, Олимпиада қарсаңында жапондарды жеңу біздің құрама үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды. 

«Финалда Жапонияны жеңіп, Олимпиада алдындағы әлемдік рейтингті нығайту әрі біздің құраманың ауыр кезеңдердегі психологиялық дайындығын тексеру біз үшін маңызды болды. Барлығы да бұл тексеруден сәтті өтті», - дейді Руслан Курбанов.

Айта кетелік, Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай қорғады. Аталған төрттік Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.